ШҚО ТЖД қызметкерлері жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тақырыбындағы үздік бейнероликтер байқауының қорытындысын шығарды.
Байқау жеңімпазы – Алтай қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы орта мектептің 2 «А» сынып оқушысы Ержан Ерали. Оның бейнеролигі ең көп дауыс жинады.
Өңірдің жас тұрғыны өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінікті, көрнекі әрі нанымды түрде жеткізе білді.
ШҚО ТЖД қызметкерлері Ержанға белсенді азаматтық ұстанымы мен маңызды тақырыпқа шығармашылық тұрғыдан келгені үшін алғыс білдіріп, байқауда жарияланған жүлде – иіс газын анықтайтын датчикті табыстады.
Мұндай бастамалар балалар мен ересектердің қауіпсіздік мәдениетіне деген назарын арттыруға ықпал етеді.








