«Таза Қазақстан» – тазалық пен тәртіп кепілі

    Қызылорда өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

    Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға тазалықты сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және белгіленбеген орындарға қоқыс тастамау қажеттігін ескертуде.

    Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

    Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бір апта көлемінде облысымызда қоғамдық орындарды ластаудың 217 дерегі анықталып, құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаларға қатысты қоғамдық орындарды ластағаны үшін 86 және абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 131 әкімшілік хаттама ресімделіп, тиісті шараларкөрілді.

    Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындарда тазалық сақтау, қоқысты белгіленбеген жерлерге тастамау және ортақ пайдаланылатын аумақтарға ұқыптылықпен қарау қажеттігін ескертуде. Мұндай профилактикалық шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары