Мойынқұм ауданының төтенше жағдайлар бөліміне жаңа басшы тағайындалды

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №296 ж/қ бұйрығымен Әбіш Азамат Әбілұлы Мойынқұм ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

    Азамат Әбілұлы 1994 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көлбастау ауылында дүниеге келген. 2016 жылы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2016 жылы Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері қызметінен бастаған. 2021–2026 жылдары аталған бөлімнің бас маманы лауазымында қызмет атқарған.

    Азамат Әбілұлына жаңа қызметінде табыс тілейміз! Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігін нығайту жолындағы жұмысы нәтижелі болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мойынқұм ауданының әкімдігі" жаңалықтары