Нұржан Ерғалиұлы Есенжолов 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша, кейін Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияның Шеффилд университетінде «Мемлекеттік басқару және саясат» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. 2020-2023 жылдар аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқыды.
Еңбек жолын 2007 жылы М.Әуезов атындағы университеттің «Тарих» кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған. Әр жылдары Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінде жетекші және бас маман, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары, ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары, Семей қаласы және ШҚО әкімдерінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды. 2018-2024 жылдары Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2024-2025 жылдары Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.
Тағайындауға дейін Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылдың 21 қазанынан бастап Абай облысының дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды.









