1 / 3
Ақмола облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы бекітілген кестеге сәйкес Зеренді ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Іс-шараға Зеренді ауданы әкімінің аппарат басшысы, білім бөлімінің басшысы, Отбасын қолдау орталығының директоры, полиция бөлімінің өкілі және Кәсіпкерлер палатасының Зеренді ауданы бойынша филиалының директоры қатысты. Іс-шара барысында кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың тұрмыс жағдайлары зерделеніп, қажетті қолдау шаралары айқындалды. Сонымен қатар басқарма мамандары аудандағы колледжге, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне және мектеп-интернаттың жұмыс барысымен танысты. Аталған бағыттағы жұмыс облыстың барлық аудандары мен қалаларында бекітілген кестеге сәйкес жалғасады.




