Түркістан облысында полицейлер адасқан әжейді отбасымен қауыштырды

    Түркістан облысында полицейлер адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғау жолында күнделікті қызмет атқарып қана қоймай, қиын жағдайға тап болған жандарға да қол ұшын созады. Бұл жолы тәртіп сақшылары адасып, мекенжайын есіне түсіре алмай қалған 69 жастағы әжейді отбасымен қауыштырды.
    Төлеби ауданында учаскелік полиция инспекторлары Д.Сырлыбаев, Б.Өмірсеріков және Б.Ерментай қызметтік аумақты аралау барысында тасжол бойында жалғыз жүрген қарт әжейді байқаған. Полицейлер қариямен тілдесу барысында оның денсаулығында кінәраты барын және тұрғылықты мекенжайын есіне түсіре алмай тұрғанын анықтаған.
    Тәртіп сақшылары 69 жастағы әжейді полиция пунктіне жеткізіп, жеке басын анықтап, аман-есен отбасымен қауыштырды. Оқиғаның әсерлі сәті полицейлердің бейнежетонына жазылып қалған.
    Онда тәртіп сақшыларының: "Біз полиция қызметкерлеріміз ғой, неден қорқасыз? Үйіңізге апарып тастаймыз, жаурап қаласыз", – деп, әжейге қамқорлық танытқанын көруге болады. Бұл тәртіп сақшыларының қызметтік міндетпен қатар адамгершілік пен жанашырлықты жоғары қоятынының жарқын көрінісі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары