🏗️ Жақында ашылады: Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің IT Hub оқу-өндірістік корпусы
Ақтөбе қаласында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжіне арналған заманауи IT Hub оқу-өндірістік корпусының құрылысы аяқталды. Нысан Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырыс беруімен салынды.
Үш қабатты жаңа ғимарат 300 студентке арналған. Мұнда заманауи оқу аудиториялары, компьютерлік сынып, конференц-зал, IT бөлімі мен серверлік бөлме қарастырылған. Әрбір оқу аудиториясы 25 студентке есептелген.
Жаңа корпус студенттердің заманауи технологияларды меңгеруіне, цифрлық дағдыларын дамытуына және кәсіби білім алуына қолайлы жағдай жасайды.
Құрылыс жұмыстары «Бабәк-Құрылыс» ЖШС бас мердігерлігімен жүзеге асырылды.
Жаңа нысанның ашылуы колледждің білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңірдегі IT саласының дамуына үлес қосады деп күтілуде.









