Қазақстан мен CERN: ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

    1 / 10

    Қазақстан мен CERN: ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

    ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристина Хоннегермен кездесті.

    Кездесу танысу мақсатындағы сапар аясында өтіп, тараптар ғылым және жоғары білім саласындағы Қазақстан мен Швейцария арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады. Келіссөз барысында министрдің Швейцарияның Женева қаласына алдағы сапары, сондай-ақ екіжақты байланысты нығайту және екі елдің ғылыми әрі білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болды.

    Тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы (CERN) арасындағы халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі хаттамаға қол қою мәселесіне ерекше назар аударды.

    Кездесуге қатысушылар халықаралық ғылыми байланыстарды дамытудың, зерттеу саласындағы серіктестікті нығайтудың және қазақстандық ғалымдардың жетекші халықаралық ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызын атап өтті.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылым және жоғары білім саласындағы Қазақстан мен Швейцария арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі" жаңалықтары