Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 95 жылдық мерейтойына орай салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты іс-шара барысында «Целина» филиалының ұжымына жылы лебіздер айтылып, алдағы кәсіби қызметтеріне табыс, амандық және жаңа жетістіктер тілінді.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жоғары кәсібилігі және кәсіпорын қызметіне қосқан үлесі үшін Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталғандар:
* Сулейменова Сауле Муратовна — сапаны бақылау жөніндегі бас маман;
* Еслямгалиев Жарылгас Тулебаевич — өртке қарсы қызметтің аға өрт сөндірушісі;
* Томашев Алпамыс Мухамеджанович — жүк автомобилінің (автокранның) жүргізушісі;
* Ткачук Александр Степанович — газ-электр дәнекерлеуші;
* Тихимбаев Муса Дарканович — тракторшы-экскаваторшы.
Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:
* Булебаев Адиль Алимжанович — козловой кран машинисі;
* Лошаков Александр Валерьевич — технологиялық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;
* Альденова Гульмира Газисовна — өндірістік-пайдалану бөлімінің бас маманы;
* Дощанов Сабит Арыстанбаевич — өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі;
* Бисенов Булат Нургужевич — өндірістік-пайдалану бөлімінің жүк тиегіш жүргізушісі.
Марапаттарды табыстау қызметкерлердің кәсіби жетістіктерін, жауапкершілігін, өз ісіне адалдығын және кәсіпорынның тұрақты қызметін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесін мойындаудың көрінісі болды.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Резерв» РМК «Целина» филиалының ұжымын кәсіпорынның 95 жылдық мерейтойымен құттықтап, адал еңбектері үшін алғыс білдіреді және алдағы уақытта толағай табыстар мен өркендеу тілейді.









