Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау жөніндегі сараптамалық кеңес құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау жөніндегі сараптамалық кеңес құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру

    Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

    Сараптамалық кеңес Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

    Сараптамалық кеңес қызметінің мақсаты – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелерін объективті және жан-жақты бағалау, сондай-ақ олардың тиімділігі мен әлеуметтік ықпалын арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

    Сараптамалық кеңестің құрамына әлеуметтік маңызы бар салаларда тиісті білімі мен тәжірибесі бар азаматтық қоғам өкілдері шақырылады.

    Сараптамалық кеңес мүшелері әлеуметтік жобаларды мынадай өлшемшарттар бойынша бағалайды:

    әлеуметтік жобалардың орындалу нәтижелері және өткізілген іс-шаралардың қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;

    әлеуметтік маңызы бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге жобалардың оң ықпалы;

    жоба шеңберінде басталған қызметті жалғастыру мүмкіндігі және қол жеткізілген нәтижелердің тұрақтылығы;

    әлеуметтік жобаның нысаналы тобы үшін ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсерінің болуы ықтималдығы.

    Бағалау мониторинг нәтижелері мен әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы есептердің негізінде бес балдық шкала бойынша жүргізіледі. Сараптамалық кеңес мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

    Сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін кандидаттар осы хабарландыру жарияланғаннан кейін өз кандидатураларын ұсыну арқылы іріктеуге қатыса алады. Сараптамалық кеңестің алдын ала құрамы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің келісуіне енгізіледі.

    Кандидаттарды ұсыну мерзімі – осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн. Көрсетілген мерзімде кандидатуралар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік орган сараптамалық кеңестің құрамын өз бетінше қалыптастырады.

    Сараптамалық кеңестің құрамына кіруге ниет білдірген кандидаттар өздері туралы мәліметтерді, кәсіби тәжірибесі жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйымдармен мүдделер қақтығысының бар немесе жоқ екендігі туралы хабарламаны ұсынуы қажет.

    Кандидатуралар туралы мәліметтер мен құжаттар мына электрондық пошта арқылы қабылданады: [email protected].

    Азаматтық қоғам өкілдерін сараптамалық кеңес құрамын қалыптастыруға қатысуға және Павлодар облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың сапасы мен тиімділігін арттыруға үлес қосуға шақырамыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" жаңалықтары