1 / 12
Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұхамбетов Батпақты және Озерный ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесулер барысында тұрғындар автомобиль жолдарының жағдайы, көшелерді жарықтандыру, сумен жабдықтау, елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да салаларға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Тұрғындардың өтініштері бойынша түсініктемелер берілді. Жауапты басшыларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, оларды шешу жолдарын пысықтау тапсырылды.
Әр кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың жеке мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады.









