«Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ абаттандыру қағидаларының сақталуына мониторинг жүргізді

    «Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММабаттандыру қағидаларының сақталуына мониторинг жүргізді

    2026 жылғы 15 қазанда «Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметкерлері «Саран қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ өкілдерімен және Саран қаласының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мониторинг жүргізу мақсатында көшпелі іс-шара ұйымдастырды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты Саран қаласы мен елді мекендердің аумақтарында абаттандыру қағидаларының сақталуын тексеру болды. Мониторинг барысында кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтардың тиісті деңгейде күтіп-ұсталуы, санитариялық талаптардың орындалуы, тазалық пен тәртіптің сақталуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Көшпелі іс-шара барысында кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оларға іргелес аумақтарды тиісті деңгейде күтіп-ұстау қажеттілігі түсіндіріліп, абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.

    Мұндай іс-шаралар тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге, қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға және Саран қаласының көрікті келбетін жақсартуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Саран қаласының сәулет және қала құрылысы" жаңалықтары