2026 жылғы 30-31 қазан күндері Шымкент қаласы Қазақстанның 19 қаласында бір мезгілде өтетін Decentrathon 6.0 ауқымды хакатонына қосылады. Іс-шара әзірлеушілерді, студенттерді, жас мамандар мен технологиялық командаларды біріктіріп, заманауи технологиялар мен жасанды интеллект көмегімен нақты міндеттерге шешім әзірлеуге мүмкіндік береді.
Decentrathon 6.0 хакатонын Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Astana Hub және Blockchain & AI Technology Center (BAITC) ұйымдастырады. Шымкенттегі іс-шара Цифрландыру басқармасының қолдауымен Shymkent Hub алаңында өтеді.
Бастаманың маңызды бағыттарының бірі – өңірлік IT-экожүйені дамыту және мамандардың тұрғылықты қаласына қарамастан жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне жағдай жасау. Бүгінде Decentrathon жеңімпаздарының 39%-ы – Қазақстан өңірлерінен. Бұл еліміздің барлық аймағындағы мамандардың әлеуетін ашудың маңызын көрсетеді.
Алтыншы маусымның хакатоны 48 сағатқа созылады. Шымкенттегі қатысушылар 30 қазанда іс-шара алаңына келіп, дайын шешімдерін 31 қазан күні сағат 23:59-ға дейін тапсыруы қажет.
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен қатысушыларға қосымша ынталандыру ретінде 1-орын алған командаға 1,5 миллион теңге көлемінде жүлде қарастырылған.
Хакатонға қатысу тегін. decentrathon.ai сайтында 29 қазанға дейін тіркелуге болады.
Уақыты: 2026 жылғы 30-31 қазан.
Орны: Shymkent Hub, Теріскей шағынауданы, 66/2.
Хакатонға әзірлеушілер, бағдарламашылар, дизайнерлер, аналитиктер, студенттер, жас мамандар мен технологиялық командалар қатыса алады. Жас шектеуі жоқ.









