Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнаулы әлеуметтік төлемдер.

    Сұрақ: Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге арнап арнайы әлеуметтік төлем қандай жағдайларда тағайындалады?

    Жауап: Арнайы әлеуметтік төлемді тағайындаудың міндетті шарттары — 55 жасқа толған болу және кемінде жеті жыл бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының болуы.

    Сұрақ: Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге арнаған арнайы әлеуметтік төлем неше жасқа дейін төленеді?

    Жауап: Қызметкер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін Арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны ала алады. Зейнетақы тағайындалғаннан кейін төлемдер тоқтатылады.

    Сұрақ: Бұл жәрдемақы қандай төлемдерден тұрады?

    Жауап: Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі шарттары елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде және зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскер еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда:

    • Республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейі ( бұдан әрі - ( ЕТКД ) мөлшерінде арнайы кәсіптік жәрдемақы немесе биылғы жылы 101 702 тг .
    • Ө мірді сақтандыру компанияларынан ( ӨСК ) бір ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде немесе 50581 тг .
    • Ж ұмыс берушілердің қаражаты есебінен , бір ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде немесе 50581 тг .
    • Б ірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемінен тұратын арнаулы әлеуметтік төлемге құқығы болады .

    https://www.instagram.com/reel/DewNv4tIjGt/?utm_source=ig_web_copy_link&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары