Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында елімізде балалардың жан-жақты дамуына, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде Астанада «TANYM ART» көпфункционалды оқушылар сарайы ашылды. Жаңа кешеннің ашылу рәсіміне Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.
Жаңа оқушылар сарайы заманауи жабдықтармен және балалардың қабілеттерін дамытуға арналған арнайы кеңістіктермен қамтамасыз етілген. Мұнда робототехника, STEM-технологиялар, ғылыми-техникалық шығармашылық, би, өнер және басқа да бағыттар бойынша түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Сондай-ақ екі бассейн, спорт және концерт залдары, арнайы оқу кабинеттері мен шығармашылық кеңістіктер қарастырылған.
Орталықта инклюзивті білім беру қағидаттарына ерекше назар аударылған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың үйірмелерге қатысуына, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасалған.
Ашылу рәсімі барысында министр кешеннің материалдық-техникалық базасымен танысып, балалармен жүздесті. Олардың қызығушылықтары, шығармашылық ізденістері мен болашақ жоспарлары туралы әңгімелесті.
«TANYM ART» оқушылар сарайы елордадағы қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп, балалардың ғылыммен, өнермен және спортпен айналысуына, жаңа дағдыларды меңгеріп, өз таланттарын дамытуына жағдай жасайды.
Оқу-ағарту министрі Астанада жаңа «TANYM ART» оқушылар сарайының ашылуына қатысты
1 / 11
Ұқсас материалдар

Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері талқыланды
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіАшу
Полиция ата-аналарды демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға шақырады
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
🏀 Қазақстан Республикасының күніне арналған аудандық баскетбол жарысы!
"Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы"КММАшу
Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша байқау өткізу туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ
Темір ауданы әкімдігіАшу
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары

Оқу-ағарту министрлігінің ғалымдар қоғамдастығы «Адал азамат» бағдарламасын зерттеуге әдістемелік ұсынымдар әзірлейді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстанның Оқу-ағарту вице-министрі Түркияның Ұлттық білім министрінің орынбасарымен кездесті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Жұлдыз Сүлейменова Қытай Елшісімен білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
«Balazhan» платформасы балаларға уақтылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшуОқу-ағарту министрлігі Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіндегі жағдайға байланысты жедел шаралар қабылдап жатыр.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу