Берік тамыр

    Астанада жастардың бойына ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мен экстремистік идеялардың таралуына жол бермеу мақсатында ұлттық-танымдық екі курс ұйымдастырылды. Аталған іс-шараларға 500-ге жуық жас қатысты.

    Курстар барысында қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеуге, үлкенді сыйлауға, ата-баба дәстүрін сақтауға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға баса назар аударылды.

    Қатысушыларға мемлекеттің зайырлылық қағидаттары, этносаралық келісім мен діни төзімділіктің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар діни сауаттылықты арттыру, радикалды идеологияның белгілерін ажырата білу және экстремистік насихатқа қарсы тұру жолдары кеңінен қарастырылды.

    Танымдық кездесулер жастар тарапынан оң бағаланды. Қатысушылар көтерілген мәселелерге қызығушылық танытып, пікірталастарға белсенді араласты. Сондай-ақ олар алған білімдерінің күнделікті өмірде пайдалы екенін атап өтті.

    Ұйымдастырылған курстар жастардың отансүйгіштік сезімін нығайтуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және радикалды идеялардың ықпалына қарсы тұра білуіне ықпал етті.

    Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қоғамдық келісім мен өзара сыйластықты дәріптеуге бағытталған мұндай бастамалар ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын, саналы әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

    Материал Астана қаласы Антитеррорлық комиссиясы аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары