Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына жұмыс сапары

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы И.В. Скуб Ұлытау облысының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не жұмыс сапарымен барды.

    Сапар барысында И.В. Скуб арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың тұру жағдайларымен, стационарлық қызмет көрсетуді ұйымдастырумен, сондай-ақ мекемеде тұратын азаматтарға тиісті күтім мен қолдау көрсетуді қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты.

    Орталықта тұрақты күтім мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін мүгедектігі бар адамдар мен қарт азаматтар стационарлық жағдайда тұрады. Сапар барысында қолайлы әрі қауіпсіз тұрмыс жағдайларын жасау, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың құқықтарын сақтау, көрсетілетін қызметтердің сапасы және олардың күнделікті өмірін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

    Тұрғындардың лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу және көрсетілетін көмектің сапасын арттыру халықты әлеуметтік қорғау саласындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ" жаңалықтары