Көзбе-көз куәландыруға (қайта куәландыруға) шағымдану

    Көзбе-көз куәландыруға (қайта куәландыруға) шағымдану ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023ж. №260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген кезде оны алған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға шағым береді.

    Шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және шағым келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күн ішінде қарастырылады.

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер проблемалары бойынша аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым аумақтық бөлімшенің басшысының не Комитеттің басшысының атына беріледі.

    Аумақтық бөлімшелердің, Комитеттің мекенжайына келіп түскен шағым, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасыз, уақытылы көрсетілмеген кезде, куәландырылатын адам және/немесе оның заңды өкілі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағым, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары