Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға дайындық жұмыстары жалғасуда

    Бүгін Бөрлі ауданының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызмет атқаратын білім беру ұйымдарының басшыларымен онлайн-кездесу өткізілді.
    Кездесу барысында лицензиялау бөлімінің басшысы С. Жумагереев білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын заңнама талаптарын, лицензия алу тәртібін және құжаттарды дайындау кезінде назар аудару қажет негізгі мәселелерді түсіндірді.
    Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, тиісті түсініктемелер берілді.
    Аталған жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау рәсімінің басталуына алдын ала дайындау мақсатында жүргізілуде.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары