Қызылордада жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу өтті

    1 / 2

    Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі.

    Осы мақсатта Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция аға инспекторы полиция майоры Виталий Соболев Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

    Жиын барысында жастарға құқық бұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері түсіндірілді.

    Сонымен қатар студенттерге құқыққа қайшы әрекеттердің салдары мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы айтылды. Ашық диалог форматында өткен кездесуде жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға, заң талаптарын құрметтеуге және «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстануға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары