ЕСІЛ АУДАНЫНДА ТЕХНИКАНЫҢ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

    1 / 10

    Бүгін Есіл ауданында қысқы қар тазалау және көше-жол желісін күтіп-ұстау жұмыстарына тартылатын арнайы техниканың дайындығы тексерілді.

    Жалпы биылғы қысқы маусымға 400-ден астам арнайы техника дайындалды. Олардың қатарында автогрейдерлер, жинаушы және фронтальды тиегіш көліктер, суарып жуатын көліктер, құм сепкіш машиналар, тазалап сыпыратын щеткалы көліктер, шағын тиегіштер, роторлы қар тазалағыштар мен өздігінен түсіретін жүк көліктері бар. Ал көшелер тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етуге биыл 500-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылады. Алайда, қардың қалың түскен күндерінде арнайы техника саны 700-ге дейін, ал тазалық қызметкерлері саны 1000 адамға дейін ұлғайтылады.

    Санитарлық тазалау жұмыстарының жалпы аумағы шамамен 15 миллион шаршы метрді құрайды.

    Басты міндет — қарды уақтылы тазалау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қыс мезгілінде тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз қозғалуына жағдай жасау.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары