«Заң және тәртіп» қағидаларын ілгерлету мақсатындағы дәріс⚖️

    1 / 2

    «Заң және тәртіп» қағидаларын ілгерлету мақсатындағы дәріс⚖️
    🎓 Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру – құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызды қадамы!

    Қазақстан Республикасы Әділет департаменті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум негізінде ашылған Заң клиникасы аясында студенттерге нотариаттық қызмет тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нотариаттық тәжірибенің өзекті мәселелерін талқылады.

    📌 Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңгерлік мамандыққа деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары