1 / 3
Астана қаласында Республика күніне орай ғимараттардың қасбеттері мен тұрғын үйлердің маңдайшалары мемлекеттік тулармен безендірілуде.
Республика даңғылының бойына 200-ден астам ту орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл қалаға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлап, елдік рухты айшықтай түседі.
Бұл игі дәстүр жыл сайын жалғасын тауып, патриотизм мен елге деген мақтаныштың символына айналып келеді.









