Талдықорған қаласындағы Орталық саябақтың қабырғалары мен басқа да нысандарына түрлі жазулар мен суреттер салу фактілері тіркелуде.
Полиция қоғамдық орындар қала тұрғындары мен қонақтарының демалуына арналған ортақ кеңістік екенін еске салады. Оларды таза ұстау және қоғамдық мүлікті сақтау — әр азаматтың міндеті. Қоғамдық мүлікті бүлдіру жай ғана еркелік емес, заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Мұндай құқық бұзушылықтарды кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері де жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Полиция жасөспірімдерді өз әрекеттерінің салдарын ойлауға, ал ата-аналарды балаларының бос уақытын қалай өткізетініне назар аударуға шақырады.
Туған қаланы құрметтеу әрқайсымыздан басталады. Орталық саябақтың тазалығы мен тәртібін бірге сақтайық!
Заң мен тәртіп — әр адамның жауапкершілігінен басталады!









