1 / 2
Талдықорған қаласындағы №7 орта мектепте «Жарық бол!» акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларына профилактикалық сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға жол қозғалысы ережелері түсіндіріліп, жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды дұрыс кесіп өту тәртібі айтылды. Сондай-ақ қараңғы уақытта киімге жарық шағылыстыратын элементтерді тағудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сабақ соңында оқушыларға жарық шағылыстыратын элементтер таратылды. Бұл құралдар қараңғыда және көріну мүмкіндігі төмен жағдайда балалардың жүргізушілерге анық көрінуіне көмектеседі.
Акцияның негізгі мақсаты – балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.









