Ақмола облысында мал ұрысы, сиыр мен бұзауды атқан күдікті ізі суымай ұсталды

    1 / 2

    Ерейментау ауданында полицейлер ірі қара малды ұрлады деген күдіктіні ұстады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамнан жануардың еті мен өлекселерінің қалдықтары, сондай-ақ тіркелмеген мылтық табылды.
    Ұрлық туралы арыз полицияға 19 қазанда түсті. Иесінің айтуынша, бір күн бұрын белгісіз адам далада өзіне тиесілі сиыр мен бұзауды атып өлтірген, содан кейін ол жануарларды ұрлап кеткен.
    Мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Оқиға болған жерді тексеру кезінде полиция қызметкерлері болжам бойынша күдікті жүрген мотоциклдің іздерін тапты. Іздеуді жалғастырған полицейлер күдіктінің тұрғылықты жерін, одан кейін оның үйін анықтады. Ерейментау қаласының 36 жастағы тұрғынының тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тергеу іс-шаралары барысында жануардың еті мен өлекселерінің қалдықтары, сондай-ақ тіркелмеген мылтық табылды, мал сол қарудан атылған.
    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Полицейлер ұсталған адамның Ерейментау және көрші аудандардағы мал ұрлығының басқа фактілеріне қатысы бар-жоғын тексеруде.
    Полиция мал иелеріне қауіпсіздік шараларын сақтау және жануарларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Егер күдікті адамдар немесе малды ұрлаумен байланысты жағдайлар анықталса, дереу полицияға хабарлау қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары