Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құтқару саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Марапатталғандардың қатарында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев та бар. Оған ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені табысталды.
Қуанар Базарбаев 1967 жылғы 24 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1994 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын азаматтық қорғау органдарында бастап, салада мол тәжірибе жинақтаған.
Әр жылдары Петропавл қаласында өрт сөндіру бөлімдерінде басшылық қызметтер атқарып, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметін басқарған. Кейін Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы, Астана және Шымкент қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері бастығы қызметтерін атқарды.
2026 жылғы маусым айынан бастап Қуанар Базарбаев Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметіне қайта тағайындалды.
ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені – оның азаматтық қорғау саласындағы көпжылдық қызметіне берілген жоғары баға.









