Талас ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті

    Талас ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті
    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы, Талас ауданы бойынша кураторы Б.С. Кураметов Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
    Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-еңбек саласындағы ахуалы мен өзекті мәселелері талқыланды.
    Атап айтқанда, еңбек шартын жасасу, жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және зейнетақы аударымдары мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Сонымен қатар көтерілген мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.
    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары