https://www.instagram.com/reel/DeoC982uPPy/?dlrf=eWc1MXlqYW1rc2lq
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әйтеке би ауданының орталығында ауқымды сенбілік жұмыстары өткізілді.
Тазалық шарасы екі бағытта жүзеге асырылды. Атап айтқанда, бірінші бағыт бойынша Қарабұтақ-Қостанай бағытындағы 87-шақырымда орналасқан орман алқабында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ал екінші бағытта аудандық мешіттен бастап Қазақ тамға дейінгі аралық тазартылды.
Сенбілікке аудан мекемелерінің қызметкерлері мен белсенді жастар қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау жолында бірлесе еңбек етті. Жалпы тазалық шарасына 194 адам жұмылдырылды.
Аталған шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету, туған өлкенің көркеюіне үлес қосу және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.








