Қарақия ауданында ауыл әкімдерінің атқарып жатқан жұмыстары пысықталды

    1 / 7

    19 қазан күні Қарақия ауданында аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиын барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және алдағы тұрған міндеттерді сапалы орындау мәселелері жан-жақты талқыланды.

    Күн тәртібіне сәйкес, ауыл әкімдері өздеріне қарасты елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстар, инфрақұрылымды жақсарту және абаттандыру бағытындағы шаралар туралы есеп берді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген түйінді мәселелерді шешу жолдары мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы пысықталды.

    Жиын қорытындысы бойынша аудан басшысы қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, ауыл әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына жұмыс қарқынын үстемдетуді, әрбір атқарылып жатқан жұмыстардың уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары