Қарағандыда әнші, композитор әрі актер, қазақтың дәстүрлі өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі Манарбек Ержановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Даланың қайталанбас үні» атты концерт өтеді.

Манарбек Ержановтың шығармашылығы ұлттық мәдениетіміздің тарихында айрықша із қалдырды. Оның есімі қазақтың дәстүрлі ән өнерінің дамуымен тығыз байланысты. Ал бай музыкалық мұрасы бүгінгі өнерпаздардың орындауында жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Концертте «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі мен дәстүрлі өнер өкілдері сахнаға шығады. Олар ұлттық музыкалық мәдениетіміздің жауһарларын орындап, көрерменге қазақтың әншілік және аспаптық өнерінің байлығы мен өзіндік ерекшелігін таныстырады.
Концерт 4 қараша күні К. Станиславский атындағы театр сахнасында өтеді. Басталуы – сағат 18:30-да.










