Кеше Қызылордада көрнекті театр сыншысы, профессор Бағыбек Құндақбаевтың 100 жылдығына орай Қазақстан драма театрларының XXXI республикалық фестивалінің шымылдығы түрілді. Өнер мерекесі дәстүрлі қызыл кілем шеруімен басталды. Салтанатты шараға қазылар алқасының мүшелері, құрметті қонақтар, театр қайраткерлері мен республиканың әр өңірінен келген шығармашылық ұжымдар қатысты. Фестивальдің ашылу салтанатында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай құттықтау сөз сөйлеп, қазақ театртану ғылымының қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан профессор Бағыбек Құндақбаевтың еңбегіне тоқталды. Сондай-ақ, Гүлжамила және Күлипа Бағыбекқызына қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетілді. Мерекелік кеш жергілікті өнерпаздар мен театр артистерінің концерттік бағдарламасына ұласты. Қонақтар арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Экспозицияға Бағыбек Құндақбаевтың өмірі мен ғылыми-шығармашылық жолын танытатын фотосуреттері, еңбектері және қазақ театртану ғылымына қосқан үлесін айғақтайтын құнды материалдар қойылды. Алты күнге созылатын өнер додасына еліміздің әр өңірінен іріктелген 10 театр ұжымы қатысады. Үздік қойылымдарын көрермен назарына ұсынып, шығармашылық ізденістерін танытады. Сыр өңірінде басталған республикалық театр фестивалі – ұлттық сахна өнерінің дамуына серпін беріп, шығармашылық байланыстарды нығайтатын маңызды мәдени алаң. Қазақ театртану ғылымының көрнекті өкілі Бағыбек Құндақбаевтың рухани мұрасын ұлықтауға арналған бұл өнер мерекесі ұлттық театрдың бай дәстүрі мен бүгінгі жетістіктерін сабақтастырып, көрерменге тағылымды қойылымдар мен жарқын әсер сыйламақ. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қызылордада XXXI Республикалық театр фестивалі басталды
1 / 6
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Дәл қазіргі сәт…
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДА «ҚҰТҚАРУШЫЛАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Облыс әкімдігінде 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, халықты жұмыспен қамту және Республика күніне дайындық мәселелері талқыланды.
Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасыАшу
ТҮРКІСТАНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДА 80 ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ ПЕРЗЕНТХАНА АШЫЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
"Қызылорда қаласының әкімдігі" жаңалықтары

Қалалық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттарымен кездесті
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Қызылордада Қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының барысымен танысты
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Аймақ басшысы Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімдердің жұмысымен танысты
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар марапатталды
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу