Қаржылық бақылау шаралары

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің қызметінде заңдылықты, ашықтықты және адалдықты қамтамасыз ету – мемлекеттік басқару жүйесіндегі басым бағыттардың бірі. Осы тұрғыда қаржылық бақылау тетіктері сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

    Аталған мақала Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының, 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қатысты қаржылық бақылау шараларын талқылауға арналған.

    1. Мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен мүлкі туралы декларациялау

    Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жыл сайын 270.00 нысанындағы жеке табыс пен мүлік туралы декларацияны тапсыруға міндетті.

    Аталған декларацияда:

    мемлекеттік қызметшінің табыстары;

    оның меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік;

    банктік шоттардағы қаражат;

    бағалы қағаздар мен өзге де активтер толық көлемде көрсетілуі тиіс;

    Бұл талаптар табыстар мен шығыстардың сәйкестігін бақылауға, заңсыз баю тәуекелдерін төмендетуге бағытталған;

    2. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салу

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге:

    жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;

    коммерциялық ұйымдарды басқаруға;

    табыс табуға бағытталған өзге де кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады;

    Аталған шектеулер мүдделер қақтығысының алдын алуға және қызметтік өкілеттіктерді жеке пайда үшін пайдаланбауға бағытталған;

    3. Мемлекеттік қызметке кірер алдындағы кәсіпкерлік қызметті тоқтату тәртібі

    Егер тұлға мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысқан болса, ол:

    мемлекеттік қызметке тағайындалған күннен бастап бір ай мерзім ішінде;

    кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға немесе;

    мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.

    4. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қаржылық бақылауды дамыту

    Қаржылық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында:

    ·декларацияларды автоматтандырылған талдау жүйелерін дамыту;

    ·тәуекелдерді басқару жүйесін кеңінен қолдану;

    ·мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту;

    ·қаржылық бақылау талаптарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің,бұлтартпастығын қамтамасыз ету маңызды болып табылады.

    Қорытынды

    Қаржылық бақылау шараларын тиімді жүзеге асыру мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттырып, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтады. Осы бағыттағы жүйелі жұмыс сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына оң ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары