2026 жылғы 15 қазанда София қаласында (Болгария Республикасы) Болгария Республикасы Конституциялық Сотының 35 жылдығына арналған «Құқықтық мемлекетті қамтамасыз етудегі конституциялық соттардың рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Халықаралық форумға Қазақстан атынан Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары Қайрат Жақыпбаев пен Аслан Түкиев қатысты. Олар шетелдік әріптестерін 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясының негізгі ережелерімен және конституциялық бақылаудың ұлттық моделінің ерекшеліктерімен таныстырды.
Конференцияға Еуропа, Азия және Африканың 30-ға жуық мемлекетінің конституциялық бақылау органдарының, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясының, Еуропалық Одақ Сотының және Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың өкілдері қатысты.
Қатысушылар конституциялық соттардың тәуелсіздігі, олардың шешімдерін орындау, Конституцияның үстемдігін нығайту, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Форум конституциялық сот төрелігінің өзекті мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасуға мүмкіндік берді. Қазақстандық делегацияның қатысуы кәсіби диалогты дамытуға және шетелдік конституциялық бақылау органдарымен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.









