ҚТӨ тізілімі: 71,8 мың тауардың қазақстандық шығу тегі цифрлық верификация арқылы расталды

    Жыл басынан бері Қазақстандық тауар өндірушілердің жаңартылған тізілімі штаттық режимде жұмыс істеп келеді. Іске қосылған сәттен бастап 49,9 мыңнан астам өтінім келіп түсті, 71 865 тауар позициясының сәйкестігі расталды.

    Негізгі жаңашылдық — Тізілімді сатып алу платформаларымен интеграциялау және кәсіпорынды 26 цифрлық критерий бойынша автоматты түрде тексеру (штат саны, коммуналдық шығындар, шикізат сатып алу, салық аударымдары). Деректер адамның қатысуынсыз машиналық оқыту алгоритмдері арқылы өңделеді, бұл субъективті тәсіл мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толығымен болдырмайды.

    Цифрлық тексеру өтінімді алғаш рет берген кезде ғана емес, тоқсан сайын да жүргізіледі.

    Ағымдағы жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша 21 өндірушінің қызмет көрсеткіштерінің төмен екені анықталды. Заңнамаға сәйкес, екі тоқсан қатарынан төмен көрсеткіштер сақталғандықтан, 7 субъект Тізілімнен шығарылды.

    Министрлік мемлекеттік преференцияларға қол жеткізу құқығын тек тиімді жұмыс істейтін және адал отандық өндірістерге ғана беруді қамтамасыз ету мақсатында верификация параметрлерін жетілдіру жұмыстарын жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" жаңалықтары