Аймақ басшысы депутаттарға алғыс білдірді

    1 / 5

    Өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыстық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттарына өңірдің дамуына қосқан үлесі мен жемісті еңбегі үшін ризашылығын білдірді.

    Бүгінде Қостанай облысы еліміздің жетекші индустриялық орталықтарының біріне айналды. Нақты сектордың экономикадағы үлесі соңғы 10 жылда 39%-тен 51%-ке өсті. Мемлекет басшысы алға қойған экономикалық өсімді кемінде 6,0%-ке жеткізу жөніндегі міндеті 2024 жылы 8,3%-ке, 2025 жылы 9,0%-ке асыра орындалды. Соңғы 3 жылда өңір экономикасы 4,2 трлн теңгеден 6,1 трлн теңгеге дейін 1,5 есе, инвестиция көлемі 492,1 млрд теңгеден 802 млрд теңгеге дейін 1,6 есе ұлғайды.

    Облыс бюджеті 2022 жылмен салыстырғанда 1,7 есе өсіп, 741,9 млрд теңгеге жетті. Салық түсімдері 155,6 млрд теңгеден 282,2 млрд теңгеге дейін 1,8 есе өседі деп жоспарлануда.

    Еліміздегі өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының үштен біріне жуығы және машина жасау өндірісінің 25%-і облысымызға тиесілі.

    «Бұл нәтижелер – бірлескен жұмыстың жемісі. Қостанай облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаттарына нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс, жаңа жетістіктер тілеймін!», – деді облыс әкімі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының әкімдігі" жаңалықтары