Қарақия ауданында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

    1 / 4

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Құрық ауылында ауқымды абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Елді мекеннің келбетін жақсартып, инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған бұл шаралардың негізгі мақсаты – ауылдың санитарлық жағдайын түбегейлі жақсарту, көшелердің тазалығын тұрақты түрде сақтау және тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыру.

    Осыған орай, қазіргі таңда ауылішілік жолдарды тиісті деңгейде күтіп ұстау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, арнайы техникалардың көмегімен маңызды бағыттағы жолдар кешенді түрде сыпырылып, жуылуда және эстетикалық талаптарға сай жол жиектері әктеліп, ретке келтірілуде. Аталған тазалық науқанына барлығы 20-ға жуық жауапты қызметкер мен 2 бірдей арнайы техника жұмылдырылып, өңірдегі экологиялық мәдениетті көтеруге бағытталған игі істер өз жалғасын табуда.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары