Еңбек адамдары – елге өнеге
Халықаралық қарттар күні қарсаңында ауылдық округ әкімдігі аппаратының маманы мен клуб меңгерушісі ауылымыздың ардақты еңбек адамдары, зейнеткер қариялардың шаңырақтарына барып, мерекемен құттықтады.
Қариялар саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына арнап, ел игілігі жолында ұзақ жылдар еңбек еткен.
Суханова Валентина Самуиловна 1955 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1974 жылы агроном болып бастап, кейін Междуреченский совхозында сауыншы және есепші қызметтерін атқарып, осы жерден зейнеткерлікке шыққан.
Шульц Ирина Ивановна 1954 жылы дүниеге келген. 18 жасынан Междуреченский совхозында сауыншы болып еңбек етіп, ауыл шаруашылығы саласында 24 жыл қызмет атқарған.
Қариялардың еңбек жолы – ауыл тарихының ажырамас бөлігі әрі кейінгі ұрпаққа өнеге. Ардақты жандарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз!
Еңбек адамын құрметтеу – еңбекті құрметтеу!







