Астанада зейнеткерлерге тегін құқықтық және медициналық кеңес берілді

    1 / 6

    «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Астананың «Сарыарқа» ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында аға буын өкілдеріне арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында орталыққа келушілер құқықтық және медициналық мәселелер бойынша мамандардан тегін кеңес алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Ашық есік күніне жеке сот орындаушысы Гүлжан Байғұжиновна, заң кеңесшісі Рахимжан Ғиззатұлы, нотариус Айнагүл Жәкина, адвокат Айнар Махметова, салауатты өмір салты бойынша дәрігер Евгений Гурский және орталықтың медициналық кеңесшісі Шағуал Сүлейменова қатысты.

    Мамандар келушілерді жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ құқықтық мәселелерді шешу, денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын ұстану бойынша қажетті кеңестер мен ұсынымдар берді.

    Іс-шараның басты мақсаты – аға буын өкілдерінің білікті мамандар көмегіне қолжетімділігін арттыру, күнделікті өмірде кездесетін құқықтық және медициналық мәселелерді шешуге қолдау көрсету.

    Мұндай кездесулер егде жастағы тұрғындардың құқықтық және медициналық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қажетті ақпарат пен кеңесті тікелей мамандардан алуына мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары