Қонай шағына уданында құрылыс және абаттандыру жұмыстары жалғасуда

    Қала әкімі Қонай шағынауданындағы 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарының аяқталуы мен іргелес аумақтардың абаттандырылу барысын тексерді. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстарына қатысып, аумақты жасыл желекпен қамту шараларымен танысты. Мұнда 500-ге жуық ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған.

    Бүгінде шағынауданда жалпы ауданы 112 мың шаршы метрді құрайтын, 1425 пәтері бар 30 бесқабатты көппәтерлі тұрғын үй салынды.

    Қонайды кешенді дамыту жұмыстары 2018 жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде сумен жабдықтау, кәріз, электр және газбен жабдықтау, телефон байланысы желілері тартылды. 2024 жылы аумақты тік жоспарлау жұмыстары аяқталса, 2025 жылы шағынауданға кіреберіс жолдар пайдалануға беріліп, олардың бойына сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылды.

    Тұрғын үйлердің құрылысымен қатар, іргелес аумақтарды абаттандыруға да ерекше көңіл бөлінді. Аулаларда балалар ойын және спорт алаңдары, демалыс аймақтары мен автотұрақтар жабдықталды. Сондай-ақ заманауи балалар ойын кешені мен кәсіби жаттығу құрылғылары орнатылған саябақ салынды.

    Қонай шағынауданын дамыту және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Негізгі мақсат – тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырып, шағынауданның заманауи тұрғын алап ретінде дамуын қамтамасыз ету.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай қаласының әкімдігі" жаңалықтары