9-12 шілде аралығында Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында «Ақ бидай – 2026» облыстық жазғы спорт мерекесінің финалдық кезеңі өтті.

    1 / 3

    9-12 шілде аралығында Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында «Ақ бидай – 2026» облыстық жазғы спорт мерекесінің финалдық кезеңі өтті.

    Тимирязев ауданын жарыста аудан намысын спорттың 13 түрі бойынша қорғаған 80-нен астам спортшыдан құралған команда лайықты таныстырды. Делегацияны Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Қайырұлы Жаров басқарды.

    Төрт күн бойы спортшыларымыз жоғары дайындық деңгейін, рух күшін, командалық бірлікті және жеңіске деген ұмтылысты көрсете отырып, облыстық аренада ауданымыздың намысын абыроймен қорғады.

    Мұндай жарыстарға қатысу бұқаралық спортты дамытуға, спорттық дәстүрлерді нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" жаңалықтары