Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова министрлікте және ведомстволық бағынысты ұйымдардағы ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті.
Талқылауда «Адал азамат» бағдарламасына басымдық берілді. Қатысушылар бағдарламаның балалардың құндылықтары мен мінез-құлқына ықпалын зерттеу жөнінде пікірлерімен бөлісті. Зерттеудің әдістері мен барлық өңірлердегі білім беру ұйымдарын қамту мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ оқулықтардың сапасын арттыру, оларды әзірлеу, сараптау және мектепте апробациядан өткізу үдерістерін жетілдіру жолдары талқыланды.
Балалар арасындағы буллингтің алдын алу және оған дер кезінде әрекет ету мәселелері бойынша да пікір алмасу өтті. Қатысушылар педагогтер, психологтер мен ата-аналардың бірлескен жұмысын тиімді ұйымдастыру жөніндегі зерттеу ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу қорытындысына сәйкес Оқу-ағарту министрлігінің ғалымдар коғамдастығы талқыланған мәселелерді ғылыми зерттеу туралы ұсынымдар әзірлейді. Ұсыныстар алдағы кездесулерде талқыланып, министрліктің шешімдеріне ғылыми негіздегі әдіс-тәсілдерді қолдану мүмкіндіктері қарастырылады.
Оқу-ағарту министрлігінің ғалымдар қоғамдастығы «Адал азамат» бағдарламасын зерттеуге әдістемелік ұсынымдар әзірлейді
1 / 12
Ұқсас материалдар
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2027-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ БОЛЖАМЫ
Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыАшу
Қарағанды облысында Құтқарушылар күніне орай салтанатты іс-шара өтті
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Ақмола облысында Республика күні қарсаңында ішкі туризмді дамытуға бағытталған жаңа экопарк ашылды
Целиноград ауданының әкімдігіАшуШығыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылар
Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыАшуАқмола облысы әкімінің халықпен кездесуі
Шортанды ауданының әкімдігіАшу
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары

Қазақстанның Оқу-ағарту вице-министрі Түркияның Ұлттық білім министрінің орынбасарымен кездесті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Жұлдыз Сүлейменова Қытай Елшісімен білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
«Balazhan» платформасы балаларға уақтылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшуОқу-ағарту министрлігі Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіндегі жағдайға байланысты жедел шаралар қабылдап жатыр.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстандық педагогтер Минскіде халықаралық марапаттарға ие болды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу