16 қазан күні «Арман» кафесінде ауылымыздың ардақты ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелеріне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында ауылымыздың қадірлі қарияларына ерекше ықылас көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды. Ақ дастарқан басында бас қосқан үлкендеріміз бір-бірімен жүздесіп, әңгіме-дүкен құрып, өткен күндердің естеліктерімен бөлісті. Ізгі тілектер айтылып, ақ баталар берілді. Осындай басқосулар үлкендеріміздің көңілін көтеріп қана қоймай, олардың қоғамдағы орны мен қадір-қасиетін тағы бір мәрте айқындай түседі.
Осы мерекелік кештің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен “Авангард”ЖШС-не, “Плаксин” шаруа қожалығына, жеке кәсіпкерлер: Камалова А.П., Аменова Ж.К., Сундеткалиева М.Т., Хадымова Ж.Г., демеушілік танытқан барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз! Ұйымдастыруға атсалысқан І.Есенберлин мектеп ұжымы, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана және ауыл әкімі аппаратының қызметкерлеріне, “Арман”кафесінің иесі Ляззат Бауыржанқызына ризашылығымызды білдіреміз!
Жақсылық жасау – жүректің кеңдігі мен жанның жомарттығын танытатын ізгі қасиет. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында үлкендеріміз бір сәт болса да ерекше ықыласқа бөленіп, өздеріне деген құрметті сезінді. Қариялардың қуанышты жүзін көріп, ақ баталарын алу – біз үшін үлкен мәртебе әрі рухани байлық.
Жасаған жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілейміз! Әрдайым ел игілігі үшін атқарып жүрген ізгі істеріңіз жемісті болып, абыройларыңыз асқақтай берсін! Балаларыңыздың қызығын көріп, ұрпақтарыңыздың ортасында сый-құрметке бөленіп, ұзақ ғұмыр кешулеріңізге тілектеспіз!



