Жетісу облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді

    Республика күні қарсаңында Жетісу өңірінде 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.

    Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.

    Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

    Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

    Жетісу облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.

    Жетісуоблысы әкімінің баспасөз қызметі

    «Republic Day» республикалық акциясына қатысатын сауда нысандарының тізімі

    №

    Сауда нысанының атауы

    Сауда нысанының мекенжайы

    1

    «Алматы-1» сауда үйі

    Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 83

    2

    «Алматы-2» сауда үйі

    Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 83

    3

    «Астана-1» сауда үйі

    Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, 112

    4

    «Астана-2» сауда үйі

    Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, 112

    5

    «Болашақ» сауда үйі

    Талдықорған қаласы, Дарабоз ана көшесі, 91

    6

    «Жетісу» сауда үйі

    Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, 114

    7

    «ЦУМ» сауда үйі

    Талдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы, 46

    8

    «Евразия» сауда үйі

    Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, 51

    9

    «Шаған» сауда үйі

    Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, 51А

    10

    «Дәулет» сауда үйі

    Талдықорған қаласы, "Жастар" шағын ауданы, 51А

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары