KazAID Бангкокте өткен ЭЫДҰ ДЖК және Азия елдерінің даму мәселелері жөніндегі диалогына қатысты

    1 / 7

    2026 жылғы 15–16 қазан аралығында «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов Бангкок қаласында (Таиланд) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) және Таиландтың халықаралық ынтымақтастық агенттігі (TICA) ұйымдастырған ЭЫДҰ Дамуға жәрдемдесу комитетінің (ДЖК) Азия елдерінің даму мәселелері жөніндегі диалогына қатысты.

    Бұл диалог ЭЫДҰ ДЖК мен Азия өңіріндегі даму агенттіктерін біріктіретін алғашқы өңірлік іс-шара болып табылады. Іс-шараға әртүрлі ДЖК агенттіктерінен, министрліктер мен қаржылық даму институттарынан 100-ден астам қатысушы жиналды.

    KazAID Басқарма төрағасы тақырыптық сессияда сөз сөйлеп, қазақстандық агенттіктің қызметі, серіктес елдердегі даму бағдарламалары және халықаралық стандарттарға сәйкес ЭЫДҰ ДЖК шеңберінде елдің ДРК саласындағы есептілігінің ашықтығы туралы ақпаратпен бөлісті.

    Іс-шара аясында Нұрғали Арыстанов даму агенттіктері мен ЭЫДҰ өкілдерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, ЭЫДҰ ДЖК Төрағасы Карстен Стаурмен, KOICA вице-президенті До Йанг А-мен, ЭЫДҰ ДЖК жаһандық өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Рольф Шварцпен, ЭЫДҰ ДЖК Тұрақты даму бөлімшесінің қаржы бөлімінің басшысы Ясмин Ахмадпен, Индонезия СІМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Рина Сетиаватимен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) кеңесшісі Эмре Юксекпен, Норвегиялық даму агенттігінің (NORAD) аға кеңесшісі Элизе Гуздамен және диалогтың басқа да қатысушыларымен ынтымақтастық пен даму мақсатындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" жаңалықтары