1 / 4
АУДАН ӘКІМІ VIII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев VIII шақырылымдағы Арал аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесті. Басқосуға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғам қайраткерлері қатысты.
Кездесу барысында еліміздегі саяси жаңғыру үдерісі, жергілікті өкілді органдардың қызметі және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер сөз болды.
Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар аясында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге ерекше мән беріліп келеді. Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар мен конституциялық өзгерістер елдің қоғамдық-саяси өміріне жаңа серпін беріп, өкілді органдардың жауапкершілігі мен рөлін айқындай түсті.
Осы ретте барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қабылданған шешім мен алдағы сайлау науқаны жергілікті өкілді органдар қызметінің жаңа кезеңіне жол ашып отыр.
Кездесуде аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы VIII шақырылым депутаттарымен бірлесіп ауданда атқарған жұмыстарға тоқталып, олардың ауданның өркендеуіне қосқан үлесін атап өтті.
Жиын барысында ауданның дамуына үлес қосқан VIII шақырылым депутаттарына құрмет көрсетіліп, облыс әкімінің алғыс хаты табыстады.
Кездесуде Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Арал ауданының Құрметті азаматы, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері Ә.Әйімбетов, 2016 - 2021 жылдары аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымының хатшысы қызметін абыроймен атқарған, Арал ауданының Құрметті азаматы Д.Мадинов сөз сөйлеп, мәслихат депутаттарының қызметіне қатысты пікірлерін ортаға салды.
Мұнан соң жетінші, сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Төреахметов сөз алып, мәслихат қабырғасында атқарылған жұмыстарды саралап, осы кезге дейін бірлесіп жұмыс атқарған аудан активіне ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, депутаттар мәслихат қабырғасында 2023 жылдан бері 54 аудандық мәслихат сессиясын өткізіп, 400-ге жуық мәселе қарады. Аудандық мәслихаттың сессияларында аудан үшін өзекті деген тақырыптар күн тәртібіне шығарылып, ұсыныс-пікірлер талқыға салынды.
Ауданы әкімінің баспасөз қызметі








