1 / 7
Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов Тәңірберген ауылдық округіне жұмыс сапарымен келіп, Кеңсахара және Саржансай ауылдарының тыныс-тіршілігімен танысты.
Сапар барысында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын аралап, жаңа тұрғын үйлердің жай-күйін көрді. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығына барды.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.






