⚜️ Ойыл ауданының әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және тиісті сала жетекшілері қатысты.
🔸️ Аппарат отырысында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы, «TAZA QAZAQSTAN» акциясының орындалуы, ауданның маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мезгілде күтіп ұстау туралы және статистика басқармасының 9 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы талқыланды.
🔹️ Ауданның маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мезгілде күтіп ұстау туралы аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жалелов Айбек Байболатұлы баяндаса, статистика басқармасының 9 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы Ойыл ауданының статистика басқармасының басшысы Еришев Ерболат Бисенғалиұлы баяндады.
🔹️ Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
🔸️Аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталды.







