Әлеуметтікқорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қарсаңында біз Департамент ардагерлері – көп жылғы еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне берілгендігі Қостанай облысының әлеуметтік саласы тарихының бір бөлігіне айналған адамдар туралы жарияланымдар сериясын жалғастырамыз.
Бүгін біз көп жылдарды мемлекеттік қызметке және халықты әлеуметтік қорғауға арнаған Айслу Жумашевна Рахимова туралы айтып береміз .
Оның еңбек жолы 1975 жылы басталды. Жоғары экономикалық білім алғаннан кейін, ол қарапайым қызметкерден мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысына дейін қаржы, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік басқару саласында бай тәжірибе жинақтады.
2010жылдан бастап Айслу Жумашевна әлеуметтік көмек және қолдау бөлімін, кейіннен Департаменттің №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін басқарды.
Оныңбасшылығымен мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, азаматтардың өтініштерін қарау, халыққа әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізілді.
Бұлкүнделікті жұмыстың артында мемлекеттің көмегіне мұқтаж адамдардың тағдыры тұрды. Сондықтан әлеуметтік сала мамандарының қызметі тек кәсіби білімді ғана емес, сонымен бірге жоғары жауапкершілікті де талап етеді .
Көп жылғы адал еңбегі үшін Айслу Жумашевна «Астанаға 10 жыл» медалімен, Еңбек министрінің Құрмет грамотасымен және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.
Айслу Жумашевна Рахимова сияқты мамандар – біздің Департаменттің тарихы, оның тәжірибесі мен кәсіби дәстүрлері.









