Құрметті азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және сала ардагерлері!

    Кәсіби мерекелеріңіз Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнімен құттықтаймын!

    Сіздердің жұмыстарыңыз – жоғары кәсібилікті, батылдықты, сабырлылықты және кез келген сәтте көмекке келуге дайын болуды талап ететін абыройлы әрі жауапты міндет. Күн сайын түрлі қиындыққа тап болып, шұғыл шешім қабылдап, бірлесе жұмыс істейсіздер. Соның арқасында талай адамның өмірін сақтап, халықтың қауіпсіздігін қорғайсыздар. Қандай қиындық болса да, көмекке келетін жандардың бар екенін сезіну адамдарға сенім мен үміт береді.

    Сіздер қауіп төнген жерге бірінші болып барасыздар. Өрт сөндіріп, апат болған жерде құтқару жұмыстарын жүргізесіздер, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге көмектесесіздер. Қажет болса, адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп, төтенше жағдайдың салдарын жоясыздар. Мұның бәрі үлкен дайындықты, темірдей тәртіпті, ауызбіршілікті және жауапкершілікті талап етеді.

    Еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық. Қызмет барысында өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, денсаулықтарыңызға қауіп төнетін кездер де аз емес. Сондай сәттерде де сабыр сақтап, батылдық танытып, қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын бересіздер. Бұл – өз ісіне адалдықтың, нағыз ерлік пен адамгершіліктің үлгісі.

    Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғау жүйесін дамыту және төтенше жағдайларға дайын болу – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Бұл жүйенің дұрыс жұмыс істеуі, ең алдымен, сіздерге байланысты. Сіздердің білімдеріңіз, тәжірибелеріңіз және өз істеріңізге адалдықтарыңыз адам өмірін қорғауға көмектеседі. Ал адам өмірі бәрінен қымбат.

    Құрметті құтқарушылар!

    Ел тыныштығы мен адам өмірін қорғау жолындағы адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әрдайым абырой биігінен көрініп, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер! Қызметте сенімді серіктеріңіз жаныңыздан табылып, үйде жақындарыңыз аман-есен күтіп отырсын. Ең бастысы, әр кезекшіліктен аман оралып, отбасыларыңызбен қуанышта қауыша беріңіздер.

    Мерекелеріңіз құтты болсын! Құтқарушылар күнімен!

    Ізгі тілекпен,

    ҚР Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    Асқарбек Ертаев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІ" жаңалықтары